Жұма, 19 сәуiр, 16:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қауіпсіз парфюмерлік және косметикалық өнімдерді қалай таңдауға болады?

16.05.2023

821 0

Ең алдымен өнімді таңдағанда, тауардың қаптамасының сыртын зерттеңіз.
Тауардың қаптамасы күдік тудырмауы керек. Қаптамадағы әріптер анық және оңай оқылатын болуы тиіс, әріптер бояуы жағылмауы тиіс.
Тұтынушы парфюмерлік-косметикалық өнімдердің шығуын, қасиеті, құрамы, қолдану тәсілі, сондай-ақ тікелей немесе жанама сапасы мен қауіпсіздігін сипаттайтын басқа да мәліметтер туралы алданбауы немесе жаңылыспауы үшін ақпарат түсінікті, толық және сенімді болуы тиіс.
Кеден одағының «Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» («КО ТР 009/2011) техникалық регламентінің талаптарына сәйкес парфюмерлік-косметикалық өнімнің таңбалануы мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:

  • парфюмерлік-косметикалық өнімнің атауы (бар болса) ;
  • дайындаушының атауы және оның орналасқан жері (заңды мекенжайы);
  • парфюмерлік-косметикалық өнімнің шыққан елі (егер өнім өндірісі орналасқан ел өндірушінің заңды мекен-жайымен сәйкес келмесе);
  • егер дайындаушы КО – ға мүше мемлекеттің аумағында талаптарды өзі қабылдамаса, дайындаушы тұтынушыдан (дайындаушының уәкілетті өкілі немесе импорттаушы) шағымдарды қабылдауға уәкілеттік берген ұйымның атауы және орналасқан жері (заңды мекенжайы);
  • тұтыну ыдысындағы өнімнің номиналды саны (көлемі және (немесе) салмағы және (немесе) дана);
  • жарамдылық мерзімі.
  • өнімді қолдану кезінде ерекше сақтық шаралары (қажет болған жағдайда), оның ішінде ескертулер туралы ақпарат;
    -парфюмерлік-косметикалық өнімдер партиясын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін партия нөмірі немесе арнайы код;
  • орыс тілінде немесе латын әліпбиінің әріптерін қолдана отырып, косметикалық ингредиенттердің халықаралық номенклатурасына (INCI) сәйкес ұсынылуы мүмкін ингредиенттер тізімі.
    Сатушыда тауардың сапасын растайтын құжаттардың бар-жоғын нақтылаңыз.
    Парфюмерлік-косметикалық өнім Кеден одағының (КО ТР 009/2011) «Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келуі тиіс, ол (басқалармен қатар) адамның өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында өнімге (оның құрамына, физика-химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық көрсеткіштеріне, улы элементтердің құрамына және т. б.) қойылатын талаптарды реттейді.
    Тек КО ТР 009/2011 талаптарына сәйкес келетін өнім кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбаланады.
    Парфюмерлік-косметикалық өнімнің сапасы мен қауіпсіздігінің КО ТР 009/2011 талаптарына сәйкестігі, оның ішінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлікпен расталады.

Динара Жанабергенова,

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: