Жексенбі, 28 сәуiр, 19:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Кенеге қарсы күрес мәселелері Қоғамдық кеңесте қаралды

27.04.2023

484 0

Қызылорда облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары өңірлік “Аманат” партиясы жанындағы “Білім және денсаулық мәселелері бойынша қоғамдық кеңесте” қаралды.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова аса қауіпті аурудың аймақтағы эпидемиологиялық жағдайын баяндап, бірқатар проблемалық мәселелерді ашып айтты, заңнамалық негізде өзгертілуі тиіс сұрақтарды көтеріп, тиісті ұсынымдарды да ортаға салды. Бұл тақырып аясында өзге де құзырлы мекемелер – денсаулвқ сақтау басқармасы, ветеринариялық бақылау басқармасы мен төтенше жағдайлар департаменті өкілдері де мән-жайды баяндап берді. Қоғамдық кеңес мүшелері аталған сұрақтың күрделі екендігін ескеріп, мәселенің шешімін табуға жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

«Кененің белсенділігі көктем келісімен басталады. Сондықтан тұрғындар арасында, әсіресе, далалық аймақта жұмыс жасайтын, мал шаруашылығы, егін шаруашылығымен айналысатын адамдар үшін қауіп арта түседі. Ағымдағы 2023 жыл басынан бері 100-ден аса адам кене шағу жағдайларымен медициналық көмекке жүгінген. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,2 есеге көп. Кене шаққандардың ішінде ішінде 3 адамның дене қызуы көтеріліп, ауруханаға жатқызылды. Алайда екі күдікті жағдайда диагноздары зертханалық жолмен нақтыланған жоқ, мамандардың консилиумымен диагноз өзгертілді,» – деді Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Мүтәліпқызы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: