Дүйсенбі, 28 қазан, 14:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
85-2095
25.10.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан – республикам менің!

25.10.2024

378 0

Көк туы биік самғаған,
Бейбітшіл жолды таңдаған.
Ақындары алдаспан,
Азаттық жырын толғаған
Қазақстан – республикам менің!

Бақыты бастан таймаған,
Шаттықты өлкем жайнаған.
Қамбасы толы – алтын дән,
Тіршілік қызу қайнаған.
Қазақстан – республикам менің!

Даладай дархан даңқы бар,
Қазақы ата салты бар.
Ынтымағы жарасқан,
Ұлт пенен ұлыс халқы бар.
Қазақстан – республикам менің!

Дарысын мәңгі ырыс-бақ,
Шашайық шашу уыстап.
Адымдап алға басайық,
Көк туды мәңгі тік ұстап.
Қазақстан – республикам менің!

Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: