Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 09:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі «Мерей» тұрғын үй кешеніне барды

27.10.2024

402 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында қала орталығындағы жаңадан бой көтерген «Мерей» көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Аумағы 11 113 шаршы метрлік тұрғын үй 7 қабатты, 82 пәтері бар. Кешендегі негізгі жұмыстар аяқталған, аумағы абаттандырылып, сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, биыл мемлекеттік қолдау мен ұлттық жобалар аясында қаржыландырудың барлық көзінен өңірде 863 900 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Мемлекеттік бюджеттен бөлінген 37 млрд 100 млн теңгеге 3 мыңға жуық пәтер табысталып, 13 мың тұрғын қоныстой тойлайды.

2022-2023 жылдары 4 мыңға жуық пәтер беріліп, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілген болатын.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: