Дүйсенбі, 28 қазан, 22:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
85-2095
25.10.2024
PDF мұрағаты

Желіде мектеп оқушыларына арналған тамақтың лас жерде тұрған видеосы тарады

28.10.2024

81 0

Сурет:stan.kz

Әлеуметтік желіде “Әділдік және Өркендеу” қорының белсендісі Әсет Оңалбаевтың Алматы облысындағы мектептердің бірінде түсірілген видеосы тарады. Видеода балаларға арналған тамақтардың талапқа сай сақталмағаны туралы айтылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде тараған видеода мектепте оқушыларға берілетін тамақтар сақталған қойманың жай-күйі көрсетілген. 

“Қоқыста балалардың тамақтары тұр. Қуырылған бәліш сатып отыр. Ол аяқкиімдердің жанында тұр. Бұл жер – қойма… Айтарға сөзім жоқ. Шаң, өрмекшінің торы. Осы жерге балалардың тамағын қойған. Мүмкін осы жерде жасайтын да болар”, – дейді видео авторы. 

Алматы облысы Білім басқармасы бұл видеоға қатысты пікір білдіріп, бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство бұл видеоның жалған екенін мәлімдеді.

“4 қыркүйекте Алматы облысы Қарасай аудандық сотында ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық іс қаралды. Тарптар бітімгершілік келісімге келді, сот бекітті. Талапкер арыз-шағымын қайтып алды. Ал жауапкер Әсет Оңалбаев 2024 жылғы 14 сәуір күні TikTok-тағы видеоны алып тастауға және жалған ақпарат таратқаны үшін кешірім сұраған видео жариялауға міндеттелді. Осыған қарамастан талапкер соңғы жазбаларға байланысты тағы арыз түсірді. Видеоның жалған екенін ескеріңіздер”, – деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Жанна Арынбекова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: