Жұма, 26 сәуiр, 07:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Түркістанда танымал кір жуатын ұнтақ маркаларын заңсыз жасаған цех анықталды (видео)

02.11.2022

516 0

Түркістан полицейлері заңсыз цехтан 8 тоннадан астам кір жуғыш затын тәркіледі. Одан танымал маркалар жасалды, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Қазіргі кезде төрт адам ұсталды. Үшеуі Түркістан қаласының түрғындары, соның ішінде біреу контрафактілік өнім дайындауды ұйымдастырған, ал төртіншісі – Өзбекстан азаматы. Жеке меншік үйді тінту кезінде 40 келілік қаптарға салынған ұнтақ затты тапты.

Қаптардың жалпы саны, шамамен, 200 дана. Сонымен қатар, электронды таразылар, тығыздағыш машиналар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Кір жуғыш ұнтақтың жалпы салмағы 8 тоннадан асты. Одан «Ariel», «Миф», «Tide» және «Persil» сияқты танымал кір жуғыш ұнтақ маркалары қолдан жасалды.

Қылмыстық кодекстің 222-бабы 1-бөлігі (Тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, географиялық көрсеткішін және тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Осы қылмыс үшін 80 айлық есептiк көрсеткiшке (254 400 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстары,я болмаса, 80 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазасы қарастырылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: