Бейсенбі, 04 шiлде, 00:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Өтініш ескерусіз қалмайды

19.05.2021

1642 0

ҚР Президентінің көмекшісі-ҚР Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова мен ҚР ЦДИАӨ Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы Дәулет Бекманов Қызылорда қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында болды. Олар «е-Өтініш» бірыңғай ақпараттық жүйесінің өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, облыста аталған жүйе бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берді.

Бүгінгі таңда өңірде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының базасында қалыптастырылуда. Ал «е-Өтініш» бірыңғай ақпараттық жүйесіне 100% мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қосылған. Айта кетейік, бұл жүйе пилоттық форматта өткен жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істейді. Жыл басынан бері облыс бойынша азаматтардан 12 000-нан астам өтініш келіп түсті.

«е-Өтініш» – бұл барлық мемлекеттік және сот органдарына, сондай-ақ өтініш берушілерге өтініштерді қарау бойынша бүкіл тарих сақталатын бірыңғай база.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап бірыңғай ақпараттық жүйесіне кезең-кезеңмен көшу жүзеге асырылатын болады және азаматтардың мемлекеттік органдарға өтініштері бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы түсетін болады.

Осы жүйенің көмегімен өтініш беруші өтінішті қарау барысын бақылай алады. Өтініштерді қарау мерзімі 15 күнді құрайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: