Жұма, 29 наурыз, 17:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Жұмыссыз қалғандар бұрынғы табысының 45% алты айға дейін алып отырмақ

15.03.2023

573 0

Жұмыссыз қалған азаматтарға әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жарна төлеген уақытына сәйкес 6 айға дейін бұрынғы табысының 45 пайызын төлеу енгізілмек. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Әлеуметтік кодекс жобасы мен ілеспе заң жобаларын бірінші оқылымда талқылау кезінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі сақтандыру жүйесі әлеуметтік тәуекелдің 5 түрінен сақтандырады. Бұл – халықаралық стандарттарға және нақты экономикалық жағдайларға сай келетін жүйе. Сондықтан, оның негізі сақталады. Дегенмен, мақсаты өзгереді. Жүйе әлеуметтік төлем төлеуге ғана бағытталмай, ең алдымен, азаматтарды формальді жұмыс істеуге ынталандыруды көздейтін болады», – деді министр.

Бұл ретте ол ұсынылатын өзгерістердің басты тренді біріншіден – жүйеге мемлекет, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің қатысуы екендігін атап өтті.

«Екіншіден – жүйеге қатысу уақыты мен әлеуметтік төлемдер арасындағы байланысты күшейту, үшіншіден әлеуметтік жарналарын уақытылы аударып отырған жұмыскерлерге сақтандыру қорларынан әлеуметтік төлемдер мөлшерін кезең-кезеңімен ұлғайту болмақ. Мысалы жұмыссыз қалған азаматтарға әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жарна төлеген уақытына сәйкес 6 айға дейін бұрынғы табысының 45 пайызын төлеу қарастырылып отыр», – деді Тамара Дүйсенова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: