Дүйсенбі, 22 шiлде, 19:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Қызығы мен шыжығы мол футбол әлемі

29.05.2021

2456 0

Кеше ғана басталғандай көрінген футбол маусымы бүгінде аяқталуға жақын. Бұл жылғы футбол бұрынғыдан өзгерек болғаны анық. Әлемдік пандемия соңы шуға ұласқан Супер лига. Осы орайда әлемдік клуб қызықты да, қиын да күндерді бастан кешті.  Жалпы қорытындылануы жақын әлем футболында қазір қандай елеулі өзгерістер бар?

Мамырдың 23-інші жұлдызында ТОП-5 лига­лардың соңғы ойындары аяқ­талған болатын. Биылғы чемпионаттар интригаға толы қызықты өтті. Клубтар чемпион­дық кубокты лига аяқталғанға дейін бөліске сала алмай жүрді. Тиісінше өз чемпионатын­да жылда атой салатын клубтар өз межесінен сүрінбеді. Жаңа лига чемпиондарын да көрдік. Сенсация жасаған командаларды да байқадық. Көптен бері мақсат қылып жүріп, жеңіске жетіп, титулға қол жет­кізген клубтардың қуанышын да сезіне алдық. Рекордтарын еселеп, өзін та­нытқан футболшылардың ойынына да ризамыз. Бавария шабуыл­шысы Роберт Левандовски Бундеслигада 41 гол соғып, аңыз ойыншы Герд Мюллердің рекордын жаңартты. Криш­тиану Роналду Пеленің ресми ойындарда соққан добынан асып түсті. Роналдудың тап қазіргі қоржынында 777 гол.  Тағы айтарымыз Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасынан бөлек жаңа лига шымылдығын түргелі отыр. Бұл − Конфедерация кубогы. Аталған лиганың да маңызы орасан зор. Өз чемпионатында 7 орынға иелік еткен клубтар дәл осы лига­да өзара мықтыны анықтайды.

Лига кубогы маңыздылығы жағынан Чемпиондар лигасы мен Еуропа лига­сынан кейінгі үшінші кубок ретінде сарапқа салынады. Айта кететін жайт, бүгін Чемпиондар лигасының қорытынды матчы болады. Финалдық бәсеке Португалияның «Порту» ста­дионын­да өтеді. Оған осы жылдың ағылшын премьер лигасының чемпионы Манчестер Сити мен Англияның үздік 4 командасына кірген Челси ойнайды. Дәл осы ойынның фавориті − Манчестер Сити.  Десе де Челси клубының финалға дейінгі  жүріп өткен жолын оңай деуге келмейді. Чемпиондар лигасын  13 рет жеңіп алған  корольдік клуб Реал Мадридті жарыс жолынан шығарды.  Ал Манчестер Сити Францияның ең беделді клубы Париж-Сен-Жерменді жартылай финалдан өз отанына қайтарды.

Футбол жанкүйерлері сүйікті клубына мамырдың 29-нан 30-на қараған түні ойынды көріп қолдау көрсете алады. Осы ретте тағы айта кетер жағдай, өз лигасының жеңімпаздары Испанияда Атлетико Мадрид, Францияда Лилль, Германияда Бавария, Италияда Интер, Англияда Манчестер Сити чемпион атанды. Алда – Еуропа Чемпионаты. Өз елдерінің намысын қорғау үшін чем­пионатқа шақырту алған ойыншылар тыңғылықты жаттығу жұмыстарын жасау үстінде. Қысқасы Еуропа Чемпионаты бізге біраз қызық сыйлайын деп тұр…

Нұрдәурен ЖӘРДЕМХАН,
Қорқыт ата атындағы
Қызылорда университетінің
II курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: