Жұма, 19 сәуiр, 18:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада жекпе-жектен облыс біріншілігі өтуде

05.02.2021

8504 0

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен бүгін «Ерсұлтан» спорт кешенінде жекпе-жек сайысынан облыс біріншілігі басталды.

Жарысқа 8-9 жас, 10-11 жас, 12-13 жас, 14-15 жас және 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысады. Жарыстың мақсаты – облыс көлемінде жекпе-жек сайысын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, спортшыларды достыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу және ҚР чемпионатына қатысатын облыс құрама командасын іріктеу. Облыс біріншілігі көрермендерсіз, санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізіледі. Жарыс екі күнге созылады. Бас төреші– Дәуірбек Дәулетов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: