Жексенбі, 30 маусым, 19:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Мемлекеттік рәміздер еліміздің нышаны ақпараттық сағаты өтті

04.06.2021

1628 0

4-маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай, ЗК-169/1 мемлекеттік мекемесінде кадр саясат тобының ұйымдастыруымен  «Мемлекеттік рәміздер-еліміздің нышаны» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.

 Бұл іс-шараның басты мақсаты:  жеке құрамның бойында рәміздерге деген құрметін арттырып, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту, патриоттық тәрбие беру болып табылады.

  Іс-шара барысында алдымен, мекеменің кадр саясат тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Д.Шахи «Мемлекеттік Рәміздер-Ұлттық рухтың айнасы» деген тақырыпта баяндама оқыды.Одан соң, Қызылорда қаласы Әбілда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Мерзімді басылымдар бөлімінің меңгерушісі Шакиева Айжан мен кітапханашы Серікбаева Ақмарал кітаптар көрмесімен таныстырды. Көрмені тамашалаған жеке құрам  және ерікті жалдамалы қызметкерлер,түрлі-түсті суреттермен безендірілген кітаптардың авторларымен, ондағы өзге мемлекеттердің рәміздер жайлы жазылған  қызықты мәліметтерді тыңдап білді.

  Мекеменің теолог маманы Қ.Искаков көрмеге әкелінген кітаптар арасынан,  Ербол Шаймерденовтың «Елтаным» және  Қазақстан Республикасының Конституциясы деген кітабын оқығандығын айтты.

          Ақпараттық сағат соңында, РжКб-нің бақылаушысы әділет қатарындағы Ж.Дәулетиярова өз шығармашылығынан өлең оқыды.

  «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті рәміздерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек»- деген , Елбасы сөзін жадында жаңғырта білген тергеу изоляторының жеке құрам қызметкерлерімен өтілген бұл іс-шараның , олардың бойында отансүйгіштік сезімінің артуына игі ықпалы болғаны анық.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: