Дүйсенбі, 08 шiлде, 07:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Әлеует көтерілсе, әлеумет дамиды

26.06.2021

1008 0

Осы аптада аймағымызға Қазақстан Республикасы Прездиентінің көмекшісі Қанат Бозымбаев арнайы іс-сапармен келді. Президент көмекшісінің қатысуымен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жиын өтті. Жиында аймақтың дамуы мен алдағы уақыттағы ауыл әкімдерінің сайлауына дайындық туралы баяндалды.

– Осы жылдың 5 айының қорытындысымен эко­номиканың негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамиканы қамтамасыз ете алдық. Өнеркәсіп өндірісі, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 12,8%, ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім өндірісі 2,5%, жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес нысандарының саны 7,3%-ке артты, – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Тілешев әлеуметтік-экономикалық даму туралы баяндамасында негізгі көрсеткіштер мен болашаққа арналған басым бағыттарға тоқталды. Пандемияға дейін және одан кейінгі өңірдің экономикалық жағдайына жан-жақты талдау жасалып, әлеуметтік шиеленісті алдын алу мен облыста қоғамдық жағдайды сақтауға мүмкіндік беретін шараларды іске асыру ұсынылды.

Аймақтағы құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және Байқоңыр қаласының мәселелері туралы облыс әкі­мінің орынбасары Серік Сүлейменов баяндама жасады. Тұр­ғын үй саясатындағы жаңа тәсілдер, аймақтың жол-көлік инфра­құрылымын жақсарту және тұрғындарды «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету жұмыстарына қолдау көрсету туралы мәселелер қозғалды.

Әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық және білім саласында атқарылып жатқан жұмыстар тінін облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова тарқатты. Бүгінде облыс «жасыл аймақта», эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Қызылорда бойынша вакциналау 106 егу кабинетінде жүргізілуде, 37 мобильді бригаданың жұмысы ұйымдастырылып, оған 133 мейірбике мен 89 дублер тартылған. Облыс бойынша вакцинаның I компонент бойынша келген 165960 дозадан 127675 адамға егілсе, II компонентті 99 550 дозаның 70 450-і салынған.

Аймақтың ішкі саясат, жастар саясаты, этносаралық қаты­настар, мәдениет, спорт саласы мен қоғамдық саяси ахуалы туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет хабарлады. «Аймақта әлеуметтік-гуманитарлық салада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағытына, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатына сай тиісті жұмыстар жүргізілуде», – деді ол.

Өңірде дене шынықтыру және спортпен 254 101 адам шұғылданады. Мемлекет басшысының балалар үйірмесін көбейту тапсырмасына орай қосымша 56 балалар үйірмесі ашылған. Қазір облыс бойынша үйірмелер саны 584-ке жетті, қатысушылар саны 6 902 баланы құрап отыр. 2021 жылы Токио қаласында өтетін Олимпиада ойындарына үш жерлесіміз қатыспақ.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы ая­сында облыста түрлі форматта мәдени шара ұйымдастырылуда. Халық Қаһар­маны Роза Бағланованың 100 жылдығына орай Қызылорда қаласында ескерткіш орнатылуда. Ел Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығына орай «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты республикалық ақындар айтысы, дала академигі Ыбырай Жақаевтың 130 жылдығына арналған мерекелік шара, Сыр сүлейі Кете Жүсіп Ешниязұлының 150 жылдығына арналған «Жырлан­сын Тәуелсіздік жырлары» атты респуб­ликалық жыршы-жыраулар байқауы, аңызға айналған Жалаңтөс Баһадүрдің 445 жылдығы аясында Қазалы ауданында ескерткіш орнатылатыны айтылды.

Жиын соңында ҚР Президентінің көмекшісі көтерілген мәселелер назарға алынып, алдағы уақытта шешілу жолдары қарастырылатынын айтты.

Жұмыс сапарының аясында Қанат Бозымбаев өңірдегі мұнай-сервистік сала­дағы компания өкілдерімен кез­десіп, өзекті мәселелерді талқылады. Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова соңғы жылдары кен орындарының сарқылуына байланысты мұнай өн­дірудің көлемі төмендеп бара жатқанын алға тартып, бұл кездесу ортақ мәсе­лелерді айқындауға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Жиында облыс әкімінің орын­ба­сары Нұрлан Тілешев мұнай-газ сала­сындағы қазіргі жағдайды баяндап, эко­но­микадағы негізгі көрсеткіштер тура­лы сөз етті. Сондай-ақ мұнай және сер­вистік компаниялардың басшылары «Петро­Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ вице-президенті Болат Көшербаев, «Жанрос Дриллинг» ЖШС бас директоры Алексей Мылтықбаев ортақ мәселе ая­сындағы ұс­танымдарын білдірді.

Компания басшыларының мәселесін тыңдаған ҚР Президентінің көмекшісі мұнай қорындағы ахуал мәселесі Үкімет деңгейінде бірнеше рет қаралғанын атап өтті. Бұл ретте қуаттылығы 6 миллион тоннаны құрайтын «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырының құрылыс жұмыстары аяқталса, жоба Қызылорда облысындағы мұнай өндіруші компаниялар үшін мұнай жеткізу жүктемесін азайтуға оң септігін тигізбек.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мұнай-газ саласындағы негізгі мәселелерді шешу үшін кешенді жұмыстардың қолға алын­ғанын айтып, мұнай-газ секторында қыз­мет ететін сала өкілдерін ортақ мүд­деге топтасып, бірлесе еңбек етуге шақырды.

Мұнан кейін Қанат Бозымбаев өңір­дегі бизнес өкілдерімен кездесті. Отырысқа кәсіпкерлер, қала, аудан әкім­дері, кәсіпкерлік саласында мем­лекеттік саясатты іске асыруға тікелей атсалысатын мемлекеттік мекемелер мен қаржы институттары жиналды.

Президент көмекшісі кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан ұдайы қолдау барын тілге тиек етіп, әр өңірде «Атамекен» ұлт­тық кәсіпкерлер палатасымен бір­лескен микроқаржы ұйымдарының тиім­ділігі туралы сөз қозғады.

Сондай-ақ жиында пандемия кезінде кәсіпкерлік саласында туындаған қиын­дық­тар талқыланып, алдағы уақытта даму бағытында атқарылатын жұмыстар сараланды.

Ең бастысы әлеуметтің әлеуетін көтеру бағытындағы жұмыстарды жал­ғастыруға болады

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: