Дүйсенбі, 13 мамыр, 21:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

Журналистер құрмет төрінде

27.06.2023

583 0

Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрда БАҚ қызметкерлері күні мерекесіне орай «Қанатты қалам – 2023» салтанатты шарасы өтті. Мерекелік жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, Сыр журналистерін кәсіби мерекемен құттықтады.

– Құрметті бұқаралық ақ­парат құралдары қызмет­керлері және сала ардагер­лері, сіздерді кәсіби мереке­леріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың ха­баршысы болған, әрдайым қоғамдық ахуалдың алдыңғы шебінде жүретін, ақпарат кеңістігінде таңдаған маман­дығына адал болып, ұстанымын өзгертпеген, қаламын қасиет тұтқан журналистер қауымына әркез айтар алғысымыз шек­сіз. Қазіргі заманды ақпарат­сыз елестету қиын. Алаш ардақтысы Міржақып Дулат­ұлының «Қай елдің баспа­сөзі мықты болса, сол елдің болашағы мықты» деген сөзі күні бүгінге дейін маңызын жоғалтқан емес.  Сыр өңіріндегі бұқаралық ақпарат құралдары билік пен бұқараның арасындағы алтын көпір ғана емес, сонымен қатар еліміздің толағай табысы мен зор жетістіктерінің жар­шысына айналдыңыздар. Ұлт болып ұйысуға, мемлекет болып ілгерілеуге бағытталған ел­дік шараларға, Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыруға қосқан өлшеу­сіз үлестеріңіз үшін риясыз ризашылығымызды білдіре­міз, – деді аймақ басшысы.

Мерекелік шарада Сыр журналистикасының ардагер­леріне, алдыңғы буын өкілдері мен жас журналистерге Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Қазақстан Журналистер одағының, об­лыс әкімінің марапаты та­быс­талды.

Мереке қарсаңында Шәки­зада Әбдікәрімовтей сақа қаламгер «Қызылорда об­лысының құрметті азаматы» атанды. Сондай-ақ БАҚ сала­сының бірқатар қыз­меткеріне түрлі номинация мен шипа­жайға жолдама берілді.

Сонымен қатар дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін С.Бермағамбетов атындағы байқау жүлдегерлері марапат­талды.

Марапат төрінен көрінген әріптестер арасында Гауһар Қожахметова, Гүлмира Ділдә­бекова, Айдана Сейілдей «Ақмешіт апталығының» да журналистері бар екенін біз мақтанышпен айтамыз.

Айта кетейік, бүгінде об­лыстың медиа кеңістігінде 148 бұқаралық ақпарат құралы бар. Оның 13-і мемлекеттік болса, 135-і тәуелсіз БАҚ. Олардың ішінде 120-сы газет, 25-і интернет сайт пен ақпарат агенттіктері. Сонымен қатар 3 телеарна бар. Аймақ көлемінде тіркелген БАҚ ішінде 137-і облыстық, 2-еуі қалалық, 9-ы аудандық деңгейде ақпарат таратады.

Салтанатты кеште Сыр өнер­паздары өнер көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: