Жексенбі, 28 сәуiр, 22:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

86 жастағы қария трендтік видео түсіріп желіні шулатты

19.06.2023

683 0

Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желіде жастардан қалыспай трендке түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі ақ халатты абзал жандардың кәсіби мерекесіне орай трендте айналған видеоға түсті.

21 маусым медицина қызметкерлерінің кәсіби төл мерекесі. Осыған байланысты Президент іс басқармасы, орталық клиника аурухана ұжымы қызметкерлерін шын жүректен құттықтаймын. Айналайындар Алла бастарыңнан бақтарыңды тайдырмасын. Ел-жұрттың алғысын арқалап, аман-сау жүріңіздер, айналайындар”, – деп жазды Нұрғали Нүсіпжанов.

Жастардан қалыспай, трендте жүрген өнер иесі сымбатымен оқырмандарын таңғалдырды. Әншінің тың жүрісін көрген желі қолданушылары оның күннен-күнге жасарып бара жатқанын байқады. 

“Атам трендке мықты түседі екен”, “Жүріс-тұрысының өзі муза ғой”, “Осындай сырбаз ағаларымыз аман болсын”, “Керемет тренд болыпты”, “Нұрғали ағамыздың көңілі жас қой”, «Бұл кісі күннен-күнге жасаратындай не жейді?”, Ағамыз трендтен қалыспайды”, – деп жарыса жазды желідегілер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: