Жұма, 29 наурыз, 15:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Екпе алып, еркін жүр

12.02.2022

675 0

Көріп едік көп «ит»-ті;

«Ақ, қара, сұр, көк итті..»

Бұрын-соңды білмеппіз,

Омикрон, Covid-ті.

Омикрон шыққалы,

Деп жатыр жылдам жұқпалы…

Белгілі болды бұның да,

Шөлді аймақтан шыққаны.

Алыстан емін алдырып,

Ағзаға екпе салдырып…

Бұралқы бұндай «иттерді»,

Тастайық естен тандырып.

Жақындатпай аймаққа,

Жолатпай біздің айлаққа,

Жабықпай, жайнап, жадырап,

Жүрейік жасыл аймақта!..

Қазыбек ӘШІРБЕКҰЛЫ,

ҚР ІІМ-нің Еңбек және

Құрметті ардагері

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: