Сенбі, 27 сәуiр, 04:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Марқа қозы

12.02.2022

1197 0

Көгеннен бір күні босанып,

Қозы, лақ кетті жайылып,

Қуанғаннан секіріп,

Желдей есті еліріп.

Жосыды ойға қырға да,

Жайылып алып құраққа,

Қарындарын тойдырып,

Жүгірісті бұлаққа.

Содан кейін дем алысты,

Жатып алып сыр айтысты.

Сөз бастады марқа қозы,

«Анам мен дәу қой деді

Ірі болмыс қол аяғы,

Жұрт қызығар қоңдысы еді.

Бір күні совхоз бастық келді

Өзі бір семіз томпақ кісі,

Көзі түсіп қой анама,

Бүйрегі бұрып есі кетті.

Қойшекеңді қолқалады,

Ортаға салып бопсалады,

Бермесіне жанын қоймай,

Қойшекеңді көндіреді.

Сыйластықтан, қимастықтан,

Қойшекең де қойды берді,

Бастық айтса орындалар.

Ләппай деді, амал бар ма?»

Деп марқа қозы,

Әңгімесін аяқтады.

«Қайда кетті анаң?» десе,

«Жоғалып кетті» депті.

Марқа қозы қайдан білсін,

Құрбандыққа шалғандығын,

Уақыт өтер сонда білер

«Жоғарылап» кететінін.

Рысбек Тобылов,

Тасбөгет кенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: