Дүйсенбі, 04 қараша, 03:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87-2097
02.11.2024
PDF мұрағаты

Жыраудың әдеби мұрасы жарық көрді

12.11.2022

888 0

Әбділдә Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада «Базар жыраудың әдеби мұрасы» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Еңбектің авторы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозұлы мен филология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлзира Оралова.

«Базар жыраудың әдеби мұрасы» атты жаңа кітап – жырау шығармашы­лы­ғы туралы екінші монография. Тұсау­­­кесерде Бағдат Кәрібозұлы кі­тап­­­та жыраудың толғаулары мен дас­тан­­дарының әдебиет тарихындағы өзін­дік орнын, ерекшеліктерін бүгінгі әде­биет­танудың талап-талғамына сәйкес зерделенгенін айтты.

– Базар жырау шығармалары Сыр өңірінен шыққан ақын-жыраулардың ішінен алғашқылардың бірі болып Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаевтың назарын аударған. Сәкен Сейфуллин «Бұқар жыраудан кейінгі қазақтың ірі жырауы – Базар жырау» десе, Мағжан Жұмабаев: «Асса елдің қамын ойлаған, қалса өзінің ойына терең бойлаған» деп, Базар жыраудың ақындық қабілетін жоғары бағалаған, – деді Бағдат Кәрібозұлы.

Тұсаукесер рәсіміне қатысқан бел­гілі ғалым, профессор Қазыбай Құдайбергенов: «Заман өзгерген сайын уақыт ағымына ілесіп,  халық санасы да жаңғырып отырмақ. Осындай кезде тарихымыздағы таңдаулы тұлғалар­дың жас ұрпақ жадынан ұмытылып кетпеуіне күш салу – ғылым мен мәдениеттің міндеті ғана емес, аға ұрпақтың адам­гершілік парызы», − деп жылы лебізін білдірді.

Шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профес­соры, техника ғылымдарының докторы Серікбай Қошқаров, филология ғылым­дарының кандидаты, профессоры Ғабит Тұяқбаев қатысты. Шара қонақтары Сыр сүлейлерінің көшін бастаған жы­раудың шығармалары туралы ойларын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: