Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Гендерлік саясат және қоғамдағы қазақ әйелі

11.10.2023

1130 0

Гендерлік саясаттың маңызы – қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдік, əйелдерге қатысты барлық түрлі дискриминацияны жою, оларды саяси əлеуметтендіру. Əлеуметтік дискриминация қоғамның барлық саласында кездеседі. Əсіресе, қоғамның саяси өмірінде ерекше айқын көрініс табады.

Қазақстанда гендер саясатының белсенді дамуы, ҚР егемендік алғаннан кейін басталды деп есептеуге болады. Егер гендер саясатының шығу тегін салыстырып зерттесек, ол Қазақстанда 90-шы жылдарын  бастау алып, қазіргі күнге дейін жалғасын тауып отыр. Бұның жағымды жетістіктерінің болғанын сенімді түрде атап көрсетуге болады. Екі жыныстылар ішінде қайсысы аз қорғалады деген сұрақ туса, оған тек бір ғана жауап бар: ол- əйел адамдар. Оған келесі фактіні айтуға болады,: яғни əйелдерді қорғау үшін дүниежүзінде көптеген ұйымдар құрылған жəне құрылуда. Олар өз мақсаттарына жету үшін өте белсенді жұмыс жасап жатыр. Ал ер адамдарға келсек, олар саясат жəне барлық қоғам өмірінде əрқашанда биік орын алады.

    Саясат əйелдерді нақты қажет етпеді, бұның себебі психологиялық ерекшелік болып табылады: əйелдер ерлерге қарағанда төмен бағаланады. Бұның негізінде əйелдермен қатар ерлердің төмен бағалануы жатыр. Қазір əйелдердің психологиялық қайта қалыптасуы анық байқалады. Қазіргі кезеңде əйелдердің əлеуметтік саяси бейімделуі өте тиімді болуы қажет. Бүгінгі таңда əйелдердің азаматтық белсенділігі байқалады, бұның негізгі көрсеткіші əйелдер қызмет ететін үкіметтік емес ұйымдар санының өсуі болып табылады. Əйелдердің үкіметтік емес ұйымдары гендерлік саясаттың индикаторы деп айтуға болады. Тəуелсіздікті алумен Қазақстанда бұқаралық əйелдер ұйымының құрылу процесі қарқынды өсуде. Республикада 150 -ден аса əйелдер мəселесімен айналысатын əйелдердің үкіметтік емес ұйымдары қызмет етеді. Əйелдер қозғалысы қалыптастырған бүгінгі таңда белгілі мынадай ұйымдар бар,  олар«Іскер əйелдер ассоциациясы», «Феминисткая лига» сынды бірқатары.

Қазақстанда гендерлік қозғалыс дамуының маңызды бір кезеңі ҚР Президенті жанындағы отбасы жəне əйелдер ісі бойынша ұлттық комиссияның құрылуы болды.

Соңғы кездері əйелдердің үкіметтік емес ұйымдарының қызметтерінде маңызды өзгерістер болды. Бастапқы кезде барлық ұйымдар бала жəне əйелді əлеуметтік жағынан қорғау, көп балалы жəне жалғыз басты аналардың, мүгедек аналардың  құқықтарын қорғаумен қатар психологиялық жəне заңдық көмек көрсетеуді қамтамасыз етумен айналысса, ал қазіргі таңда олардың қызметі əйелдердің саяси белсенділігінің денгейін көтеруге, саяси процестегі сұрақтарды шешуде олардың теңқұқылы қатысуына, саяси қатынастарда əйелдердің теңқұқылы субъект болуына бағытталған. Бұрын саясатқа ер адамдарға қарағанда əйелдер саяси тəжірибелері аз денсаулық сақтау, білім салаларынан келетін болатын,  соңғы кездерде жағдай өзгерді, қазір саясатта саяси тəжірибесі өте жоғары заңгер, бизнесмен əйелдер саны өсіп келеді.

А.Күнтуғанова,

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: