Жұма, 06 желтоқсан, 21:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Бүркіттің жары Аишаның биі көпшіліктің сынына қалды

01.11.2024

720 0

Фото: https://www.instagram.com/berkut_aibekjan/

Танымал дуэт Бүркіт пен Аиша үйінің ауласында билеп, сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі әйелінің биінен кейде қорқып кететінін жасырмады. 

“Мені мына қыз осылай қорқытады”, – деп әзілдеді әнші. Аишаның биін көрген көпшілік сынның астына алды. 

“Барлық жері салақтап тұр” деген желі қолданушысының сөзіне Бүркіт мақалмен жауап жазды. 

“Сасыған етке тұз бекер, ұятсыз жүзге сөз бекер”, – деп жауап қатты өнер иесі. 

Алайда жұлдызды жұптың жанкүйерлері түрлі пікір білдіріп, өнер иелерін мақтап та, даттап та жатыр. 

“Аиша айнаға бір қарасыншы”, “Олар кәсіби бишілер, қандай қимыл істесе де жарасады”, “Гориллаға ұқсап, ерсіленіп кетті”, “Би деген – жаттығу, не шатақтарың бар?!”, “Аишаның тұлабойы билеп тұрады”, “Мына қимылды қою керек, тозығы жеткен би”, – деп жазды көпшілік. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: