Сенбі, 04 мамыр, 22:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

«Қос жұлдызды ана»

02.02.2023

678 0

Бүгін М.Ералиева атындағы мәдениет Үйінде жастарды еңбекке баулу мақсатында атақты күрішші Ұлбала Алтайбаеваның туғанына 100 жыл толуына орай «Қос жұлдызды ана» атты тақырыптық кеш өткізілді.

Ақ күріштен тау тұрғызған, еңбектің ерен үлгісін көрсеткен, ақ жаулықты аналарымыз қазақ даласында жетерлік. Сондай анамыздың бірі Социалистік Еңбек Ері, атақты күрішші Ұлбала Алтайбаева болатын.

Жасынан еңбекке араласып, ерлермен бірдей қайрат танытқан, тылдағы қара жұмыстың қаһарманы атанған еңбектің ерен ері, Батыр ана есімін ұлықтап, еңбек адамының өмірін кейінгі жастарға насихаттауды мұрат еткен кешке Ыбырай Жақаев атындағы «Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты» ЖШС басқарма төрағасы Самалбек Оразбайұлы және айтыскер ақын, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Тыңға 50 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдары мен «Автокөлік саласына 80 жыл», «Таңдаулы транспорт қызметкері» атағының иегері Қазына Өзденбаева қатысып, жастарға Ұлбала Алтайбаеваның өмірі мен еңбек арқылы жеткен жетістіктері туралы әңгіме қозғады.

Аружан МЫҢБАЙ,

Қорқыт ата атындағы КУ 4 курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: