Жексенбі, 08 желтоқсан, 14:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Аймақта кәсіпкерлікті қолдау бағытында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

17.05.2024

267 0

Әлеуметтік сала, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау бағытында аймақта бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов жетістіктер алаңының мән-маңызына тоқталып, кәсібін жүргізем деген жандарға қолайлы мүмкіндік екендігін жеткізді.

Жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарынан 3500-ге жуық бос жұмыс орындару ұсынылды. Олардың басым бөлігі ғылым мен білімге, денсаулық сақтау және мәдениет пен спорт салаларына бағытталған. Бүгінгі жәрмеңкеге облыстық мәслихат депутаттары, облыстық прокуратура өкілдері, облыстық басқарма мен қоғамдық бірлестіктер ұйымдарының өкілдері, жергілікті жұмыс берушілермен қатар Ұлытау, Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген делегация мүшелері және өңіріміздің тұрғындары, оқу орындарының түлектері қатысты. Жетістіктер алаңында мемлекеттік қайтарымсыз грант алып, кәсіп көкжиегін кеңейткен 80 кәсіпкер өз өнімдерін көпшілікке ұсынды.

Ал, Қызылорда қаласы аумағындағы 20 жұмыс берушілерден 200-ге жуық бос орындар өз жұмыскерлерін күтуде.

Жалпы, Солтүстік өңірге қоныс аудару жобасы бойынша өңірімізде соңғы 5 жыл ішінде 348 жанұя қоныс аударған. Оларға тиісті қаржы бөлініп, бастаған кәсіптеріне лайықты қолдау жасалып, тұрғын үй, үйді жалдау шығынын өтеуге қажетті көмек көрсетілген. Мұндай қолдауға биыл да ниет білдірген жандар ие бола алады.

Бүгінгі жәрмеңкеде осы бағыттағы біраз тірліктің түйіні шешілді. Шара соңында мемлекеттік қайтарымсыз грант алу арқылы кәсібін өрге домалатқан бірқатар кәсіпкерлер алғыс хаттармен марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: