Жұма, 03 мамыр, 18:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Актер Нұртас Адамбай намазхандарды алаяқ деп айыптаған Ринат Зайытовқа шүйлікті

18.09.2023

408 0

©instagram.com/nurtasadambay/rinat_zaitov_resmi

Кино саласынан кетіп, дін жолына түскен Нұртас Адамбай “алаяқтардың 80 пайызы намаз оқитындар” деп мәлімдеме жасаған Ринат Зайытовтан түсініктеме беруді талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Мен парламент депутаты Ринат Зайытовқа үндеу жасамақпын. Депутат Зайытов, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде “алаяқтықтың 80 пайызын намаз оқитындар жасайды” деген мәлімдемеңізге дәлел келтіруіңізді сұраймын. Өз сөзіңізді дәлелдей алмаған жағдайда мен сізді жай ғана “мылжың” деп есептейтін боламын. Ал парламентте мылжыңдарға орын жоқ. Намазхандарды еш негізсіз айыптаған болсаңыз, депутаттық қызметіңізден кетіңіз. Орныңызды білікті жанға тапсырыңыз. Өз сөзіне жауап бере алмайтын адам еліміздің заң шығарушы билікте отырмау керек. Дәлеліңізді күтемін”, – дейді Нұртас Адамбай.

Бейнежазба астында пікір қалдырған желі қолданушылары Ринат Зайытовқа араша түсіп әлек.

“Менің ойымша, Ринат дінді жамылып, құйтырқы әрекеттерін жүзеге асырып жүргендерді меңзеді”, “Нұртас, қашаннан бері әулие бола қалғансың?”, “Ринат дұрыс айтты. Ол мылжың болса, сен клоунсың”, “Не десе де, Зайытов дұрыс айтты,тірлігіңді тоқтатпа”, ”Намазхандарды 100 пайыз таза, еш жаман пиғылы жоқ адамдар деп те айту қиын”, “Ринаттың кімдерді және қандай мағынада айтқанын түсініп алыңдар”, “Дәлелдейтін түгі жоқ, бәрі онсыз да белгілі дүние”, “Ринат өз ойын дұрыс жеткізбеді”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Айта кетейік, бұған дейін мәлемдеме жасаған болатын. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: