Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 09:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Алматыға жақын маңда бір сағатта үш мәрте жер сілкінді

08.11.2023

684 0

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін 8 қарашада араға бірнеше минут салып бірден үш рет жер сілкінгенін анықтады, деп хабарлайды Каzinform.

Айта кетейік, бүгін 00:09 кезінде Алматы мен қала маңында 2 балдық жер сілкінісі тіркелген еді. 

Табиғат апаты Қытайда болса да, оның күші Алматы қаласында, Шалкөде, Ұзынбұлақ, Көкпек ауылдарында 2 балл көлемінде сезілді. 

Содан кейін Алматы уақытымен 00:15 және 00:52 кезінде тағы екі мәрте зілзала болды. 

Алғашқысының ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 313 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты — 11.6. MPV магнитудасы — 5.2. Тереңдігі — 15 шақырым. 

Ең соңғы сілкіністің ошағы да Алматыдан оңтүстікке қарай 311 шақырым жерде Қытайда орналасқан.

Энергетикалық санаты — 11.6. MPV магнитудасы — 5.3. Тереңдігі — 15 шақырым.

Соңғы екі зілзала Қазақстан аумағында сезілген жоқ. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: