Бейсенбі, 28 наурыз, 17:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Ақбөкендерді жаппай атуға жол берілмейді – министрлік

06.10.2022

436 0

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ақбөкендердің санын реттеу мәселесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ақбөкендерді атуға қатысты шешім әлі қабылданған жоқ. Бұрын мен осы айдың соңына дейін шешім қабылдайтынымызды айттым. Бірақ дәл қазір біз нақты шешім қабылдаған жоқпыз», деді Серікқали Брекешев Сенатта өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, ведомство ақбөкендерді жаппай атуға жол бермейді.

«Қандай шешім болмасын, біз осы бағыттағы жұмысты келесі жылдың күзінде бастаймыз. Біз жаппай атудан бас тарттық», деп толықтырды Экология министрлігінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: