Сейсенбі, 23 шiлде, 12:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Ақтөбеде кірпіні қорлағандарға қылмыстық іс қозғалды

17.05.2024

301 0

Ақтөбеде кірпіге қатыгездік танытқандарға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ішкі істер министрлігінің ресми сайтының мәлімдеуінше, әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында бір топ жастар футболды тірі кірпімен тепкілеп ойнағаны анықталды. Тексеру барысында бұл оқиға Ақтөбе қаласында орын алғаны белгілі болды.

Күдіктілер анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Жануарларға қатыгездік жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – делінген хабарламада.

ҚР ҚК-не сәйкес, жануарларға қатыгездікпен қарау оның мертігуіне әкеліп соққан жағдайда 120 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 30 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: