Жексенбі, 06 қазан, 03:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Атырауда пара алған ветеринариялық бақылау қызметкерлері сотталды

20.09.2024

191 0

Фото: Stan.kz

Атырауда сот ветеринариялық бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты істі қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Атырау қалалық №2 сотының мәліметінше, 5 күдіктіге қатысты іс қылмыстық іс қаралған: 

– ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысына бірнеше рет қомақты мөлшерде пара алды, сондай-ақ алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында пара алуды ұйымдастырды деген айып тағылған;

– бас маман мен ветеринариялық инспекторға алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында пара алғаны үшін;

– жеке кәсіпкер мен шаруа қожалығының басшысына лауазымды тұлғаға қомақты көлемде пара берді деген айып тағылды. 

“Сотталушылардың кінәсі сотталушылардың, куәлардың айғақтарымен, ақша қаражатын аудару туралы түбіртектермен, тергеу әрекеттерінің бейнежазбаларымен, мамандардың қорытындыларымен өз дәлелін тапты”, – делінген сот хабарламасында. 

Сотталушылар тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды. Инспекция басшысы 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ал бас маман мен ветеринарлық инспекторға алынған пара сомасының 60 еселенген мөлшерінде айыппұл тағайындалды. Жеке кәсіпкер мен шаруа қожалығының басшысына пара сомасының 26 еселенген мөлшерінде айыппұл салынған.

Сондай-ақ сотталушылардың барлығы мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда облысында кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметкерлеріне ұлының оқу ақысын төлеткені үшін сотталған еді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: