Жексенбі, 24 қараша, 05:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Балаларға «қазақша сөйлеңдер» деген бапкерге жаңа қызмет ұсынылды

18.10.2023

985 0

Әлеуметтік желіде балаларға «Қазақша сөйлеңдер» деген бір ауыз сөзінен кейін танымал болған бокс бапкеріне жаңа қызмет ұсынылды, – деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қазақ ММА Boxing клубының жетекшісі Мұхит Амантаев Парламентке жиі барып жүр. Ол мәжіліс пен Сенат қабырғасындағы спорттық мәселелерді ортаға салып, талқылауға спикер ретінде қатысып жүр.

Жаттығуға барған балаларға «ана тіліңде тілдесу керек» деп ақыл айтып жатқан үзінді әлеуметтік желіде тез тарап, әлі де қызу талқыланып жүр.

Ал Мұхит Амантаевтың өзі бұлай ғана танымал болуды қаламапты.

Ол Парламент алдында журналистке жуық арада Олимпиада чемпонын шығармай қоймаймын деп айтты.

«Қазақ тілі тек қазақ баласына керек. Менің залымның өзі «Қазақ ММА Boxing» деп аталады. Атының өзі қазақ боксы болып тұр. Мен бөтен елде жүрген жоқпын ғой. Өз елім, жерім болғаннан кейін сұраймын. Менің бокс залымда мінетті түрде қазақша сөйлеуі керек», – дейді бапкер Мұхит Амантаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: