Сәрсенбі, 15 сәуiр, 14:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27 (2239)
14.04.2026
PDF мұрағаты

Ақ халатты абзал жан

15.04.2026

49 0

Қоғамдағы ең жауапты мамандықтың бірі – мейіргерлік іс. Адам жанына араша түсіп, әр науқасқа үміт сыйлайтын бұл мамандық иелері әрдайым құрметке лайық. Қызылорда теміржол емханасының хирургия бөлімшесінде еңбек етіп жүрген мейіргерлер өз ісіне адал жандар. Хирургия бөліміндегі жұмыс – үлкен жауапкершілікті талап етеді. Олар бөлімде операцияға дайындық жүргізіп, құралдардың стерильдігін қадағалап, науқастың жағдайын бақылауда ұстайды.

Сондай жандардың бірі – Күләш Еркінқызы медицина саласында 10 жылдан астам уақыт абыройлы еңбек етіп келеді. Өзіне жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде атқарып, әр науқасқа жылы сөз айтып, психологиялық қолдау көрсетумен қатар сабырлылығы мен мейірімділігі емделушілердің тез сауығуына үлкен әсер етеді. Жауапты, еңбекқор, өз ісіне адал маман ретінде танылған әріптесіміз Күләш Еркінқызы ұжымдастары ортасында сыйлы, өзінен кейінгі жастарға бағыт-бағдар беріп, тәжірибесімен бөлісуден жалыққан емес. Осындай ақжарқын мінезімен  әрдайым науқастардың ыстық ықыласы мен алғаусыз алғысына бөленіп келеді.

Ақерке ӘУЕЛБЕК,

Қызылорда теміржол ауруханасының бас дәрігер орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: