Сәрсенбі, 15 сәуiр, 22:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27 (2239)
14.04.2026
PDF мұрағаты

Абаттанған аула – шаһар шырайы

15.04.2026

61 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Аймақ басшысының бастамасымен өңірдегі барлық салада серпіліске толы жемісті жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпорындар мен зауыттар ашылып, халық сұранысындағы әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Жаңадан жұмыс орындары құрылып, түйткілді мәселелердің түйіні тарқатылуда. Осылайша Сырдың бас шаһары алып құрылыс алаңына айналып, сәулеті мен дәулеті тасыды. Қызылорданың қарқынды дамуы өзге аймақтарға үлгі болды. Бүгінде жасампаз жобалар легі жалғасуда. Соның бірі – көпқабатты тұрғын үй аулаларына салынып жатқан балалардың ойын және спорт алаңдары.

Абаттанған аула – шаһар шырайы

Игілікті іске қызылордалықтардың алғысы шексіз. Өткен жылдың өзінде облыс әкімінің қолдауымен бөлінген 1,3 млрд. теңгеге көпқабатты 20 тұрғын үйдің ауласына заманауи алаңдар орналастырылып, аумақтары абаттандырылды. Әсіресе, жоба шет аймақтарда жүзеге асырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да күшейтіліп, қаржы көлемі де еселенді. Яғни, бөлінген 1,9 млрд.теңгеге 29 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына балалардың ойын және спорт алаңдарын салу жоспарланды.

Абаттанған аула – шаһар шырайы

Қазіргі кезде мердігер мекеме құрылыс-монтаж жұмыстарын бастап кетті. Бұдан бөлек, «РеалСтройСнаб» ЖШС-нің демеушілігімен 20 тұрғын үй ауласындағы ойын және спорт алаңдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Абаттанған аула – шаһар шырайы

Қала әкімі Нұржан Ахатов құрылыс алаңдарында болып, мердігер мекеме басшыларына жұмысты сапалы және мерзімінде атқаруды тапсырды.

– Аймақ басшысы тұрғындардың талап-тілегін ескерусіз қалдырмай, қажетті шараларға қолдау білдіріп келеді. Жаңа ойын және спорт алаңдарын салу да сол игіліктің дәлелі. Сондықтан мердігер мекемелер жауапкершілікті сезініп, құрылыс сапасына ерекше мән беруі қажет. Бұл алаңдар ұзақ жылға қызмет етуі тиіс, – деді Нұржан Сәбитұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: