Сәрсенбі, 17 сәуiр, 07:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Елімізде көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл көлемі артады

01.03.2024

431 0

Фото: Н.Нұржаубай

Мәжіліс депутаттары белгіленген мөлшерден сағатына 60 шақырым немесе одан да көп жылдамдық асырған жүргізушілерге 147 мың теңге айыппұл салуды ұсынып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көлік иесі бір жыл ішінде ережені екі рет бұзса, әкімшілік жазаның мөлшері де өседі. Осылайша, адам өлімімен аяқталатын апаттардың алдын алу көзделген.

Қазір қолданыстағы заң бойынша белгіленген шамадан жылдамдығын ары кетсе сағатына 40 шақырым асырғандарға жаза бар. Ережені елемейтін көлік жүргізушілер қанша жүйіткігенімен, оларға салынатын айыппұл көлемі – 74 мың теңге. Енді осы ережеге автокөліктің белгіленген жүріс жылдамдығын сағатына 60 шақырымға дейін арттырғандарды да жазалау қосылуы мүмкін. Мұндай жүргізушілерге 147 680 теңге айыппұл салу қарастырылып отыр. Егер соны қайталаған жағдайда 60 АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын деген ұсыныс енгізілді. Жол ережесін бұзушылықтың жалпы саны 9 миллион болса, соның жартысы: 4 жарым миллионы осы жылдамдық асырғаны үшін жауапкершілікке тартылғандар, – деді ішкі істер министрлігі ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Жауапты ведосмтво өкілдері соңғы уақытта қала ішінде сағатына 180-220 шақырым жылдамдықпен жүретіндер көбейгенін мәлімдеді. Оң-солына қарамай жүйткитін жүргізушілер бұл әрекетке саналы түрде барады, бірақ соңы адам өлімімен аяқталуы мүмкін.

Жаңа норма әлі мәжілістің қарауында. Депутаттар мақсат – айыппұл арқылы мемлекет қазынасын толтыру емес, қайғылы оқиғаға әкелетін апаттардың санын азайту екенін айтты. Соңғы бір ай ішіндегі жол апаттарының 15 пайызы жылдамдықты шамадан тыс асырған жүргізушілердің кесірінен болған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: