Жексенбі, 17 мамыр, 19:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 (2248)
16.05.2026
PDF мұрағаты

Хроникадан болашаққа: Қазақстанда Президент телерадиокешенінің кинолекторийі бастау алады

17.05.2026

127 0

Фото: Қазақстанда Президент телерадиокешені

2026 жылғы 21 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенінің 30 жылдығына орай республикалық кинолекторий өз жұмысын бастайды.

Президент Телерадиокешенінің 30-дан астам авторлық деректі фильмдерінің көрсетілімі еліміздің 20 қаласында өтеді. Ауқымды ағартушылық жоба барлық облыс орталықтарын қамтып, 25 қыркүйекте Алматы қаласында қорытындыланады.

Кинолекторий көрермендерді Президент Телерадиокешенінің деректі кино орталығының негізгі жобаларымен таныстыруды мақсат етеді. Бұл орталық – Телерадиокешеннің жеке продакшн базасы болып табылады. Фильмдер Мемлекет басшысының қызметі, Қазақстанның заманауи тарихы және өңірлердің дамуы туралы баяндайды.

Көрсетілімдер өңірлік кинотеатрлар алаңдарында ұйымдастырылады, бұл жергілікті тұрғындардың сапалы деректі контентке қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кинолекторий облыс әкімдіктерімен серіктестікте жүзеге асырылады. Фильм көрсетілімдеріне кіру кең аудитория үшін тегін болады. Кинолекторийдің бағдарламасы мен көрсетілім кестесі Президент Телерадиокешенінің ресми ресурстарында жарияланып отырады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: