Сенбі, 27 маусым, 18:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48 (2260)
27.06.2026
PDF мұрағаты

Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы (ПАСЕ) Қазақстандағы саяси және конституциялық реформаларды қолдайтын жазбаша декларация қабылдады

27.06.2026

33 0

Фото: Арнур Рахимбеков/Kazinform

Құжат 2026 жылғы 15 наурызда өткен жалпыхалықтық референдумның қорытындыларына арналған, деп хабарлайды Kazinform.

Декларацияның авторы – Еуропа үшін либералдар мен демократтар альянсы саяси тобының мүшесі, Түркиядан сайланған ПАСЕ депутаты Мехмет Акалын. Құжатқа Еуропа елдерінің түрлі саяси топтары мен ұлттық делегацияларынан 22 парламентарий қол қойған.

Декларацияда референдум Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мен институционалдық трансформациясының маңызды кезеңі ретінде бағаланған.

Құжат авторлары мемлекеттік басқарудың неғұрлым теңгерімді моделіне көшу бағытын, есептілік тетіктерін нығайтуды, азаматтардың конституциялық сот төрелігіне қолжетімділігін кеңейтуді және адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтуді құптады.

Сондай-ақ ПАСЕ Қазақстан мен Еуропа Кеңесінің қолданыстағы ынтымақтастық тетіктері аясындағы сындарлы өзара іс-қимылын оң бағалады.

Бұдан бөлек, декларация авторлары Қазақстанның демократиялық басқару мен заң үстемдігін нығайтуға бағытталған одан арғы күш-жігерін қолдауға дайын екенін мәлімдеп, елімізді Еуразия өңіріндегі сенімді серіктес деп атады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: