Жұма, 03 мамыр, 00:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Израиль Газа секторындағы БҰҰ мектебін бомбалаған

08.11.2023

415 0

Израиль Газа секторының солтүстігіндегі БҰҰ мектебіне соққы жасады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұны палестиналық босқындарға көмектесу және жұмыстарды ұйымдастыру БҰҰ агенттігі мәлімдеді.

Шабуылдан зардап шеккендердің арасында палестиналық босқындар бар. 

«БҰҰ агенттігінің палестиналық босқындарға көмектесу және жұмыстарды ұйымдастыру мектебі дүйсенбіде жарылды. Бір босқын өлді, тағы тоғызы жараланды», – делінген БАПОР есебінде.

Соғыс басталғалы Газа секторында БҰҰ-ның 89 қызметкері қаза тапты. 

Бұған дейін Израиль Газа секторындағы Жабалия босқындар лагеріне соққы берді. Осы үшін АҚШ Тель-Авивтен түсініктеме талап етті, ал АҚШ демпартиясы Израильдің іс-әрекетіндегі адам құқықтарын тексеру және оны жазалау шараларын талқылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: