Бейсенбі, 09 мамыр, 18:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

«Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігіне жаңа басшы келді

11.03.2024

457 0

Батырбеков Азиз Жұмаділдаұлы «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігінің редакторы қызметіне тағайындалды.

Батырбеков Азиз Жұмаділдаұлы 1983 жылғы 6 желтоқсанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Шиелі ауданындағы №219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің түлегі. Астана қаласындағы Қазақстан-Ресей университетін филология мамандығы бойынша бітірген. Магистратураны Еуразия ұлттық университетінде оқыған.

Еңбек жолын 2006 жылы Қызылорда гуманитарлық заң колледжінде оқытушы болып бастаған.

2007-2009 жылдары Шиелі ауданындағы №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясында мұғалім;

2009-2010 жылдары Астана қаласындағы Қазақ технология және бизнес университетінде факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті «Мемлекеттік тілді дамыту және аударма» бөлімінің бастығы;

2012-2017 жылдары Шиелі аудандық «Өскен өңір» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, Қызылорда қалалық «Ақмешіт апталығы» және облыстық «Сыр бойы» газеттерінде тілші болып қызмет атқарған.

2018 жылдың қаңтарынан қыркүйек айына дейін облыстық «Сыр бойы» газетінің жауапты хатшысы болған. 2018-2020 жылы аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің бас редакторы лауазымын абыроймен атқарып келді.

2020-2024 жылы қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің редакторы қызметін атқарды.

Азиз Жұмаділдаұлы – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, аудандық, облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері. Өлеңдері мен очерктері және ғылыми-танымдық мақалалары бірнеше жинақтар мен кітаптарға енген, 3 кітаптың авторы. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: