Жұма, 03 мамыр, 20:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Мемлекет назарындағы мәселе

06.04.2024

569 0

Қарғын судың қиындығын бастан кешкен елдің жағдайын ойлап, тілекші болып жүрміз. Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеу жолдады. Президент үндеуі ел басына күн туған қиын сәтте халыққа дем бергендей болды. Қазір сөзден гөрі, істің уақыты. Мемлекет басшысы күрделі жағдайдағы аймақтарға Үкімет басшысының орынбасарлары барып, жағдай түзелгенше сонда болатынын айтты. Баспанасы су астында қалған тұрғындарға уақытша баспана, қажет болса, медициналық көмек, басқа да жәрдем берілетін болды. Төтенше жағдайлар қызметі, құтқарушылар тобы күшейтілген режимде қызмет етуде. Ең бастысы, мемлекет бұл жағдайға байланысты нақты шаралар қабылдауда. Елдің қауіпсіздігі -басты назарда.

Сайлаубай Әбішев,

қоғам қайраткері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: