Дүйсенбі, 17 маусым, 01:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47-2057
15.06.2024
PDF мұрағаты

Министр утильалымға қатысты қандай шешім шығатынын айтты

24.05.2024

223 0

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қазақстанда утильалымға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенат кулуарында БАҚ өкілі министрге «Аз ғана топ утилизациялық алымды алып тастау туралы талап қойды. Олардың талабы ескерілмеуі дұрыс деп ойлайсыз ба?» деп сұрады. 

Азаматтардың талабын ескеру үшін заң бойынша процесс болуы керек. Утилизациялық алымға қарсы топтардың өкілдері Астанаға келіп, менімен тікелей сөйлесті. Қазір Үкіметте утильалымды өзгерту бойынша ешқандай жоспар жоқ. Біріншіден, әрине, халықтың пікірі ескерілуі керек. Бірақ оны заң бойынша іске асыруымыз шарт. Қазіргі таңда утильалымға қарсы петицияға қол қойылып жатыр. Петиция аяқталғаннан кейін оны Үкімет деңгейінде қараймыз. Заң бойынша процедура осындай, – деп жауап берді құрылыс министрі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: