Жұма, 03 мамыр, 15:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімінің орынбасары тағайындалды

15.09.2023

712 0

Бүгін қала әкімі Асылбек Шаменовтың төрағалығымен өткен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысында қала әкімінің орынбасары лауазымына Исламов Дінмұхаммед Аманұлы тағайындалғаны хабарланды. Шаһар басшысы жаңа орынбасарын таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
​Актив отырысында қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев қала әкімінің орынбасарын жаңа қызметімен құттықтады.

​Дінмұхаммед Аманұлы 1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.

​1998 жылы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтын өндірістік және азаматтық құрылыс мамандығы, 2003 жылы «Болашақ» университетін қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген.

​Еңбек жолын 1990 жылы «Қызылорда коммуналдық жылу жүйелері» облыстық өндірістік бірлестігінің аға диспетчері болып бастаған.
​1992-1996 ж.ж «Қызылорда коммуналдық жылу жүйелері» облыстық өндірістік бірлестігінің бөлім басшысы;
​1996-1997 ж.ж «Қызылорда ауданаралық жылу орталығы» директорының орынбасары;
​1997-2005 ж.ж «Қызылорда ауданаралық жылу орталығы» АҚ президентінің орынбасары, бірінші орынбасары, G-6 категориялы оңалтуды басқарушысының 1-ші орынбасары;
​2005-2006 ж.ж «ЕвроСтройИндустрия» ЖШС директорының орынбасары;
​2006-2007 ж.ж ҚР Қаржы Министрлігі кедендік бақылау комитетінің қаржы-шаруашылық кедені әкімшілік ғимараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің аға маманы;
​2007-2009 ж.ж «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМКК бас директорының шаруашылық жұмыстары бойынша орынбасары;
​2009-2013 ж.ж Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі;
​2013-2016 ж.ж «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМКК бас директорының орынбасары;
​2016-2019 ж.ж «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ «Ведомствоаралық әлеуметтік төлемдер есептеу орталығы» департаменті директорының орынбасары, Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары;
​2019-2022 жылдары «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті, басқарушы директоры;
​2022 жылдың сәуір-қараша айлары аралығында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ уақытша басқарушы директоры қызметтерін атқарған.

​Дінмұхаммед Аманұлы қала әкімінің орынбасары ретінде кәсіпкерлік, әлеуметтік салалар мен коммуналдық мекемелерге жетекшілік ететін болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: