Құрылтай

Жұма, 24 шiлде, 19:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№54 (2266)
21.07.2026
PDF мұрағаты

Сапалы медицина – халық сенімінің басты кепілі

24.07.2026

44 0

Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Халықтың сапалы медициналық көмекке қол жеткізуі, қауіпсіз әрі тиімді дәрілік заттармен қамтамасыз етілуі – денсаулық сақтау жүйесінің басты міндеттерінің бірі.

Бұл бағыттағы мемлекеттік бақылау тұрғындардың құқықтарын қорғауға, медициналық ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға негіз болады. Осы мақсатта өңірде медициналық және фармацевтикалық қызметке бақылау тұрақты жүргізіліп келеді. Осы бағыттағы атқарылған жұмыстар мен жартыжылдық қорытындылар Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Жанерке Жақсылық баяндады.

– Бүгінде Қызылорда облысында 975 медициналық ұйым мен 536 фармацевтикалық нысан халыққа қызмет көрсетуде. Департамент тарапынан медициналық және фармацевтикалық қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, лицензиялау, мемлекеттік бақылау, профилактикалық іс-шаралар жүргізу және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Биылғы жылдың алғашқы алты айында 4 290 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, медициналық және фармацевтикалық қызмет саласына қатысты 340 арыз-шағым қаралды. Тексеру нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті әкімшілік шаралар қабылданып, медициналық ұйымдардың қызметін жетілдіруге бағытталған жұмыстар жалғасуда,- деді Жанерке Алмасқызы.

Спикердің айтуынша, медициналық қызмет көрсету сапасын арттырумен қатар, заң бұзушылықтардың алдын алуға ерекше басымдық берілуде. Осы жылдың алғашқы алты айында 81 медициналық және фармацевтикалық субъектіге профилактикалық бақылау жүргізіліп, нәтижесінде 79 ұсыным берілген. Оның 34-і толық орындалып, талаптарды орындамаған 43 субъект келесі кезеңдегі бақылау тізіміне енгізілген.

Сонымен қатар, департамент тарапынан халықты ақпараттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру материалдары тұрақты жарияланып, медицина және фармацевтика ұйымдарының өкілдерімен кездесулер, семинарлар мен «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Бұл жұмыстар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және медициналық қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: