Жұма, 12 сәуiр, 18:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№28 (2038)
09.04.2024
PDF мұрағаты

«Қан тоқтамай қойды, түкірсе де қан». Дина Төлепберген тұңғышының дерті туралы айтты

25.03.2024

714 0

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген «Мамский әңгіме» бағдарламасына берген сұхбатында ұлына қойылған диагноз туралы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, «Астарлы ақиқаттың» эфирінен кетуіне баласының диагнозы бірден-бір себеп болған.

«Жасырмай айтайын, осыдан екі жыл бұрын менің үлкен ұлыма тромбоцитопениялық пурпура диагнозы қойылды. Мен бұл ауру туралы бұрын-соңды білмегенмін. Біз дәл сол кезде баспанамызды ауыстырып, көшіп жатқан едік. Үй мен қоса баланың мектебі деп ауысты. Жаңа мектеп, жаңа орта, жаңа достар. Баламның мұрны қанай беретін, мен мұны осы стресс, күйзеліспен байланыстырдым. Бұл менің қателігім де шығар. Уақыт өте баламның мұрнының қанауы жиіліп кетті, бірінші аптасына бір рет, кейін үш күнде бір рет, соңында күнде таңертең ұйқыдан оянғанда мұрны қанайтын. Сөйтіп тексеру үшін лор дәрігеріне бардық. Лор ем-домын жазып берді, дәрілерді қабылдап жүрдік, бірақ мұрынның қанауы тоқтаған жоқ. Бір күні күйеуім екі баланы алып батутқа секіруге барады, мен ол уақытта жұмыста едім. Кешке үйге келсем баламның денесін біреу тепкілеп, ұрып тастағандай толық көгеріп кеткен. Сол күні түнде баламның мұрны қатты қанады, қан әдеттегідей емес, өте қою болды. Біз қанды тоқтата алмадық, дәрігерге хабарластық. Ол бізге түрлі әдісті айтты, дегенмен олар көмектеспеді, болмаған соң, әрине, жедел жәрдем шақырдық. Оның үстіне мұрнынан қан аққан сайын, денесіндегі көгерулер де көбейіп жатты. Бұл айналдырған бір-екі сағаттың ішінде болды. Жедел-жәрдем бізді бірден реанимацияға алып кетті. Сөйтсек баламның тромбоцит саны 7000 түсіп кеткен. Қан тоқтамай қойды, түкірсе де қан, тіпті құлағынан да қан кету ықтималдылығы жоғары болды. Дәрігерлер маған «тексереміз енді, онкология шығар» деп айта салды. Мен қалайша 8 жастағы балада мұндай диагноз болуы мүмкін деп тұрып қалдым. Ертесіне тромбоцитопениялық пурпура диагнозын қойды, ауруханада 3 аптадай жаттық. Сол кездерде «ең ауыр сынақ менің басыма түсіпті ғой» деп ойлап жаттым. Бірақ, онда онкологиямен, ақ қанмен арпалысып жатқан кіп-кішкентай қаншама бала жатты. Олардың өмірге деген оптимизмін, аналарының қайсарлығын көріп, өзіме «Дина, сен әлсіз екенсің ғой» деп, есімді жидым. «, – деді тележүргізуші.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: