Сәрсенбі, 24 сәуiр, 17:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда президент сайлауы кезінде Тоқаевты қолдауға арналған халықтық коалиция құрылды

06.10.2022

484 0

Amanat партиясының төрағасы және мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға бағытталған халықтық коалицияның құрылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ерлан Қошанов партияның кезектен съезінде бірнеше ұйымның Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын президент сайлауына ұсынып отырғанын айтты. 

«Өздеріңізге белгілі, бізден басқа да бірқатар партиялар мен саяси бірлестіктер президенттікке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып отыр. Осы орайда біз сол саяси ұйымдармен бірлесіп, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция құру жөнінде келісімге келді», – деп атап өтті ол. 

Қошановтың сөзінше, түстен кейін президенттің қатысуымен форум өтеді. 

Еске салайық, Amanat партисының кезектен тыс съезі барысында президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынған еді. Қатысушылар бұл ұсынысты бір ауыздан қолдаған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: