Дүйсенбі, 06 мамыр, 11:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандықтар мектеп оқушыларының автобуста тегін жүруін талап етуде

16.09.2023

460 0

Қазақстандықтар мектеп оқушыларының автобустарда тегін жүруін сұрап петиция құрды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

«Қоғамдық көлік кондукторы жол ақысын төлемегені үшін баланы маршруттан шығарып жіберетін көптеген ашықтан-ашық жағдайларды жұртшылық біледі, бұл қалада, облыстарда, елді мекендерде, бала мектептен және мектептен тыс аумақта да орын алады. Ал көптеген балалар қоғамдық көлікті пайдалануға мәжбүр, отбасының кейде баланың жол жүру картасын толтыруға мүмкіндігі бола бермейді», – деп түсіндірді петиция авторлары.

Сондай-ақ құжатта тұрғылықты жеріне қарамастан, мейлі ауыл, мейлі қала болсын, барлық балаларға тегін жол жүру мүмкіндігі болуы керектігі атап өтілген.

«Бұл бастамамды көптеген ата-аналар қолдайды деп ойлаймын, бұл жеңілдік бүкіл Қазақстан бойынша болуы керек. Халық салық төлейді және балаларының тегін жүруін талап етуге құқылы. Сондай-ақ бұл жерде балалардың құқығы бұзылмайды деп сенемін. Көлік жүргізушілері оларға дұрыс қарап, діттеген жеріне жеткізеді», – делінген құжатта.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: