Сенбі, 07 желтоқсан, 22:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада екі азаматқа бүйрек трансплантациясы жасалды

19.03.2024

751 0

Көпбейінді облыстық ауруханада күрделі 46 және 49 жастағы науқасқа ота жасалды. Олардың біріне туған бауыры, енді біріне жұбайы донор болған.

Науқастың екеуіде созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен ауырған жандар. Бірі жасанды бүйрек аппаратымен үш жылға жуық ем алған. Отаға көпбейінді облыстық аурухананың директоры, PhD доктор, трансплантолог Жасұлан Баймаханов, А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының бүйрек трансплантациясы, урология және нефрология бөлімшесінің басшысы Мададов Ислам Курбанович, аталған орталықтың операциялық блок меңгерушісі, уролог-трансплантолог Ернұр Белгибаев, бүйрек трансплантациясы, урология және нефрология бөлімінің уролог дәрігері, екінші санатты хирург дәрігер Ельшад Набиев, анестезиолог-реаниматолог Ілесбекұлы Көлбай және басқа да білікті мамандар қатысты.
Екі науқасқа жасалған ота сәтті өтті. Әрі білікті мамандар тәжрибесімен барлық еліміздің дәрігерлеріне 18 және 19 наурыз күндері онлайн «Бүйрек Трансплантация» атты шеберлік сағатында бөлісті.

Тәжірибелі трансплатация мамандары біздің облыста күрделі отаның бұл түрінің дамып жатқанына қуанатындықтарын білдірді. Дәрігерлер өзара тәжірибе алмасып, медициналық көмекті одан әрі қолжетімді етпек.

Өз кезегінде Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ермекұлы Алматыдан арнайы келген А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық Ғылыми хирургия орталығының ақ халатты абзал жандарына ауқымды отаның сәтті өтуіне қосқан еңбектері үшін және шеберлік сағаты арқылы өз тәжірибелерімен бөліскені үшін ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыс етті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: