Жұма, 19 сәуiр, 13:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Ресейдегі теракт: Қазақстанға қандай қауіп бар?

23.03.2024

710 0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысы бейбіт тұрғындарға қатысты Мәскеу облысында болған зорлық-зомбылық әрекетті тағы да айыптай отырып, терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады.

«Жиын барысында құқық қорғау құрылымдары мен жергілікті атқарушы органдардың жұмыс жоспары, сондай-ақ экстремалды жағдайлардағы олардың қызметін үйлестіру мәселелері қарастырылды» — делінген хабарламада. 

Президент ел азаматтарының қауіпсіздігін және терроризмге қарсы күрес мақсатында Қазақстанның басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ықпалдастығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Еске сала кетсек, 22 наурызда Мәскеудегі «Крокус Сити Холлға» концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Салдарынан көз жұмғандар саны 143-ке жеткен. Террористер ғимаратта 18 минут болған. 

  • Сағат 19.55-те «Крокус» ғимаратының алдына «Рено Симбол» тоқтап, ішінен автомат асынған террористер шығып, ғимаратқа қарай жүгіріп, адамдарға оқ жаудырып, күзетшілерді атып тастаған. 
  • 20:03-ке таман террористер концерт залының көрермендер отырған залына кіріп, алдынан шыққан адамдарды атып, креслоларды өртей бастайды. Шабуыл жасаған адамдарда бензин болған. 
  • Террористерден қашып құтылған адамдар терезелерді сындырып, ғимараттан қаша бастаған. 
  • 20:13-те ақ «Рено Симбол» мінген төрт қаскөй «Крокустың» көлік тұрағынан кете бастаған. 

Бүгін Федералдық қауіпсіздік қызметінің 11 адамды, оның ішінде «Крокус Сити холлда» болған 4 террористі ұстағаны белгілі болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: