Сенбі, 21 желтоқсан, 18:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Сауда орталықтарының бірінде 3 жасар баланың қолы эскалаторға қысылып қалған

06.10.2023

728 0

Қарағандыдағы сауда орталықтарының бірінде 3 жасар баланың қолы эскалаторға қысылып қалды. Құтқарушылар көмекке келіп, баланың қолын босатып алған, деп хабарлайды ekaraganda.kz басылымы.

Басылымның жазуынша, Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушыларға қоңырау сағат 11.48-де келіп түскенін хабарлады. 2020 жылы туған баланың қолы эскалаторға қысылып қалғаны белгілі болды.

«Оқиға Global City сауда-ойын-сауық орталығының бірінші қабатында болды. Құтқарушылар баланың қолын босату үшін тесетін құралды пайдаланып, оны құтқарып қалды. Зардап шеккен бала медициналық бригадаға тапсырылды», – деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Көкшетаудағы сауда орталықтарының бірінде эскалатормен түсіп бара жатқан әйелдің аяғы қысылып қалып, бес башпайынан айырылғанын жазған едік.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: