Жұма, 17 мамыр, 10:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Еліміздегі компания басшылары 4 күндік жұмыс аптасына ауысқысы келмейді

02.08.2023

384 0

Еңбек кодексіне тиісті өзгеріс енгеніне 1 ай болғанмен, Қазақстандағы компаниялар 4 күндік жұмыс аптасына көшуге асықпайды. Бұл өзгерістен бір ай өткен соң, HeadHunter сарапшылары зерттеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Олар 80-нен астам кәсіпорында сауалнама жүргізген. Соның нәтижесінде осы күнге дейін қазақстандық компаниялардың ешқайсысы төрт күндік жұмыс аптасына ауыспаған.

Компаниялардың 69%-ы бұл жүйені мүлде қарастырмайтындарын ашық айтса, 3%-да ғана жұмыс күнін қысқартуға мүмкіндік бар екен. Бірақ оның өзі жақын арада емес. 

Көп компанияда бірнеше себепке байланысты ауысуға мүмкіндігі жоқ. Оған үздіксіз өндіріспен айналысатын, тәулік бойы тұтынушыларға техникалық қолдау көрсететін, сондай-ақ қажетті қызметтерді ұсынатын компаниялар жатқызылады.

Дегенмен компаниялардың 4 күндік жұмыс аптасына көшуінің ауылы алыс. Басшылары ол жүйеге өткен соң өндіріс тоқтап, қызмет көрсету қиындай ма деп қорқады. Сонымен қатар еңбек өнімділігі төмендеп, кәсіпорынның табысы азаяды деп болжап отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: