Жұма, 26 сәуiр, 14:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қандай талап бойынша несие төлемеуге рұқсат етіледі – Мамандар түсіндірді

11.11.2022

920 0

Қазақстандықтардың банктерге қарызы 350 миллиард теңгеден асып кеткен. Еліміздегі бірінші несие бюросының мәліметі бойынша, жеті миллионнан астам азаматтың несиелері бар. Халық тіпті қарыз алуды көбейткен. Жеке тұлғаларға арналған банкроттық туралы заң көптеген адамдар үшін қиын жағдайдан шығудың жалғыз жолы болмақ. Қазір құжат жобасы Парламент Мәжілісінде қаралып жатыр, деп хабарлайды Информбюро бағдарламасы.

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылданса, онда борышкер өзін банкрот деп жариялап, қарызын төлемей қоюына болады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, адамды банкрот деп тану және оның қарызын есептен шығару процедурасының үш түрі бар.

Соттан тыс банкроттық – бұл процедура банктерге, МҚҰ және коллекторлық агенттіктерге қарыздар болған жағдайда қолданылады. Қарыз мөлшері– 4,9 млн теңгеден (1600 АЕК) аспауы шарт. Мұндай банкроттық eGov порталы арқылы беріледі.

Сот банкроттығы – бұл жағдайда тек банктерге, МҚҰ-ға, коллекторлық агенттіктерге ғана емес, салық және басқа да қарыздар қарастырылады. Қарыз – 4,9 млн теңгеден асуы тиіс. Егер мүлік бар болса, ол электронды аукционда сатылуға жатады, ал түскен қаражат кредиторлар алдындағы қарыздарды өтеуге бөлінеді.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру – тұрақты табыс болса, онда бес жылға дейін қарыздарды төлеуді кейінге қалдыруға болады, ал борышкер өз қарыздарын тең үлестермен біртіндеп өтей алады. Төлем жоспары әзірленеді. Сотта расталады. Борышкер мен несие берушінің келісімі алынады. Бұл процедураның бір артықшылығы адам банкрот деп танылмайды. Алайда кемшіліктері де жоқ емес.

“Егер жеке тұлға банкрот деп танылса, онда ол бес жыл бойы займ бен несие ала алмайды. Жеті жыл ішінде оны қайтадан банкрот деп тануға болмайды, ал үш жыл ішінде ол адамға қаржылық мониторинг жүргізіледі. Айта кету керек, банкрот деп танылғаннан кейін бір жыл ішінде қаржылық сауаттылық курстарынан өтуге міндетті саналады”, – дейді Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті департаменті басшысының орынбасары Айнұр Сартаева.

Экономистердің пікірінше, Қаржы нарығын реттеу агенттігі несие бюросы, банктер және микроқаржы компаниялары арқылы несие беру тәртібін қатайтуы керек. Мұрат Темірханов қарызды кешіру тәуелділікті тудырады деп санайды. Микроқаржы ұйымдарына тыйым салу қарыздық жүктеме мәселесін шешпейді, дейді ол.

“Керісінше, микроқаржы компаниялары финтех, олар озық қаржылық технология бойынша жұмыс істейді. Оларға тыйым салу емес, керісінше банктермен бәсекелесу үшін жағдай жасау қажет. Тұтынушының қаржылық сауаттылығы болмаса, қарызға батып кетпеуін қадағалау керек. Өйткені қай банк немесе микроқаржы ұйымы қайтарылмайтынын біле тұра несие береді?», – деп түсіндіреді экономист Мұрат Темірханов.

Несиелердің қолжетімділігі артып, ал қаржылық сауаттылық деңгейі әлі де төмен. Сарапшылардың пікірінше, қарыздық жүктеме мәселесі халықтың табысының төмендігіне байланысты туындайды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: