Сейсенбі, 02 маусым, 17:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 (2253)
02.06.2026
PDF мұрағаты

«Жасөспірім» іс-шарасы қорытындыланды

02.06.2026

52 0

Қызылорда облысында 3 күнге созылған «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды.
Оған 300-ден астам тәртіп сақшысы, сондай-ақ білім беру саласының, жергілікті атқарушы және өзге де органдардың өкілдері қатысты.

3 күнде барлығы 265 әкімшілік хаттама рәсімделсе, кәмелетке толмаған 2 бала ішкі істер органдарының есебіне алынды. Қадағалаусыз және панасыз қалған 3 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызылды. Балалар мен жасөспірімдерді түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол берген 10 дерек анықталды.


Заңды өкілдерін ертпей беймезгіл ойын-сауық орындарында, үйінен жырақта жүрген 252 ұл-қыздың ата-аналарына хаттама толтырылды, – деді облыстық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы үгіт-насихат тобының аға инспекторы, полиция майоры Гүлжан Ілиясова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: