Сәрсенбі, 03 маусым, 12:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 (2253)
02.06.2026
PDF мұрағаты

Жазғы маусымда қосымша 4 Тальго пойызы қатынайды

03.06.2026

37 0

Фото: ҚТЖ

Ұлттық тасымалдаушы жазғы демалыс кезеңіндегі жолаушылар сұранысын қамтамасыз ету мақсатында төрт қосымша Тальго пойызын іске қосады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, 2026 жылғы 18 маусымнан бастап №254/253 «Нұрлы жол – Достық», №211/212 «Алматы-2 – Достық», №207/208 «Алматы-2 – Достық» және №231/232 «Алматы-2 – Семей» бағыттары бойынша қосымша пойыздар қатынай бастайды.

Қосымша құрамдар өңірлердің көліктік қолжетімділігін арттыруға және жазғы маусымдағы жолаушылар ағынын азайтуға мүмкіндік береді.

– Бұл шара өңірлердің көліктік қолжетімділігін қамтамасыз етуге және жазғы демалыс кезеңінде жоғары сұранысты қанағаттандыруға бағытталған, – деп хабарлады ұлттық тасымалдаушы.

№254/253 «Нұрлы жол – Достық» пойызы 22 маусым мен 31 тамыз аралығында аптасына екі рет – дүйсенбі және бейсенбі күндері қатынайды. Құрамында 27 вагон болады. Пойыз 344 жолаушыға арналған, оның ішінде мобильдігі төмен азаматтарға арналған арнайы купе қарастырылған.

Ал №211/212 «Алматы-2 – Достық» бағыты бойынша пойыз 20 маусымнан 30 тамызға дейін тақ күндері қатынайды. Құрамында 23 вагон бар және 326 жолаушы орны қарастырылған.

№207/208 «Алматы-2 – Достық» пойызы 19 маусымнан 29 тамызға дейін жұп күндері жүреді. Құрамында 22 вагон бар, жалпы сыйымдылығы – 288 орын.

Сондай-ақ №231/232 «Алматы-2 – Семей» бағыты бойынша қосымша Тальго пойызы 18 маусымнан 30 тамызға дейін жұп күндері қатынайды. Оның құрамында 22 вагон болады және 288 жолаушыны тасымалдауға арналған.

– Билеттер ресми bilet.railways.kz сайтында, «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында, сондай-ақ билеттерді сатудың мобильді сервистері арқылы қолжетімді, – делінген хабарламада.

Ұлттық тасымалдаушының мәліметінше, жолаушылар қосымша ақпаратты 1433 бірыңғай байланыс нөмірі немесе компанияның ресми әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы ала алады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: