Бейсенбі, 02 мамыр, 18:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Шиелі және Сырдария ауданы әкімдерінің сайлауы өтуде

05.11.2023

496 0

Бүгін Президент бастамасымен қолға алынған пилоттық негіздегі Сырдария және Шиелі аудандары әкімінің сайлауы өтуде.
Тұрғындар аудан үшін маңызды күнде ерекше белсенділік танытып, таңнан бері учаскелерге келіп, өз таңдауын жасауда.

Бүгін 18 жасқа толған тұрғын алғаш рет дауыс беріп, елеулі қадам жасады. Олардың қатарында Елжан Төребекұлы да бар.

  • Қыркүйекте 18-ге толдым. Алғаш рет дауыс беруге келіп, өз таңдауымды жасадым. Біз ауданымыздың дамуына қызмет ететін, жастарға жанашыр, бастамаларымызды қолдайтын адамға дауысымызды береміз,-деді жас сайлаушы.

Екі аудан бойынша 1011 азамат алғаш рет дауыс беру құқығына ие.

Айта кетейік, екі ауданда 58 сайлау учаскесі құрылған. Мұнда барлығы 388 комиссия мүшесі қызмет атқарады.

Дауыс беру жергілікті уақытпен 20.00-де аяқталады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: