Сенбі, 04 мамыр, 19:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Сұлулық салондарына қандай санитариялық талаптар қойылады?

02.11.2023

496 0

Сән салондары мен шаштараз нысандары коммуналдық мақсаттағы объектілер қатарына жатады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шiлдедегi “Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидаларын бекіту туралы № ҚР ДСМ-67 бұйрығында халыққа шаштараздық және косметикалық қызмет көрсету объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, яғни нысандардың орналасу тәртібінен бастап, қандай құрылғылармен жабдықталу қажеттілігі, жұмыскерлердіңжұмыс істеу қағидалары және т.б көрсетілген.
Халықтың сұранысына сәйкес, түрлі сұлулық салондарының да саны күн санап артып келеді. Алайда, осы кәсіпкерлік нысандарына, шаштараздар мен косметологиялық кабинеттерге қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптарды білесіз бе? Ендеше, бірқатар маңызды қағидаларға назар аударыңыз.

Сұлулық салондары мен шаштараз қызметкерлері төменде көрсетілген жеке бас гигиенасын сақтауы керек:

  • Клиентке қызмет көрсеткенге дейін және қызмет көрсеткеннен кейін сабынмен қолды мұқият жуу, қолдарды өңдеу үшін тері антисептиктерін қолдану, қорғаныш бетперделерімен, экрандармен, бір рет қолданылатын резеңке, латекс қолғаптарымен жұмыс жасау қажет. – Шаш бояуды қолғаптармен жүргізу;
  • Жұмыс орнында темекі шекпеу және ас ішпеу;
  • Арнайы киіммен жұмыс жасау;
  • Жеке және арнайы киімді бөлек сақтау қағидасын сақтау қажет.
    – Әрбір сұлулық салоны мен шаштараз нысанында төмендегідей қағидалар сақталуы тиіс:
  • Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді және шаш, тырнақ, тері күтіміне арналған құралдарды пайдалану өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады.
  • Ерлер және әйелдер залдарында қол жууға және келушілердің басын жууға арналған раковиналар жеке-жеке жабдықталуы тиіс;
  • Балаларға қызмет көрсетуге арналған креслолар өз өлшемi және құрылымы бойынша олардың жасына және бойына сәйкес болуы керек;
  • Косметикалық, маникюр және педикюр кабинеттерi жабық үлгідегi бактерицидті ультракүлгiн сәулелендіргіштермен жабдықталуы қажет;
  • Әрбір келушiлердің дербес қолдануы үшін таза заттар қоры (сүлгiлер, сулықтар, ақжаймалар және басқалары) ұсынылуы қажет;
  • Әсемдеу косметикасын жағу үшiн бiр рет қолданылатын құралдар пайдаланылады. Қарындаштарәрбiрклиенттенкейiнұшталадынемесекесiледi, тушь, тень жәнеопабiрретқолданылатынкистілерменжағылады.
  • Косметикалық рәсімдер үшін бір рет қолданылатын мақта дискілер және спонждар пайдаланылады.
  • Тарақтар, щеткалар, шаш қиюға арналған қайшыларды әрбір клиенттен кейін ағынды сумен жуу, қолдану жөніндегі нұсқаулығы бар зарарсыздандырғышқа немесе дезинфекциялау ерітіндісіне салу керек.
  • Педикюр жастықшасы әрбiр қолданудан кейiн дезинфекциялау ерiтiндiсiмен сүртіліп, аяққа және қолға арналған ванналар әрбiр клиенттен соң дезинфекциялануы керек;
  • Құралдарды зарарсыздандыру үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтары бар жабдықтар, аппаратуралар және материалдар пайдаланылады.

Сонымен қатар сұлулық салонының қызметкерлері жұмысқа орналасар алдында міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан өтуі тиіс, көпшілікпен жұмыс жасауға рұқсаты бар жеке медициналық кітапшалар жұмыс орындарында сақталады. Терi қабатының тұтастығын бұзу арқылы манипуляцияларды жүзеге асыратын объектiлердің жұмыскерлерi жұмысқа кiру кезiнде және жылына 1 рет В және С вирусты гепатит маркерлеріне тексерiледi.

Парентералдық гепатиттің және адамның иммундық тапшылығы вирусын жұқтырудың алдын алу мақсатында қолдың қанмен ластануы мүмкін барлық манипуляциялар резеңке қолғаптармен жүргізіледі. Персоналда ашық микрожаралар, сызаттар, жарықшақтар, іріңді аурулар болған жағдайда қорғаныш заттарымен (саусаққакигішпен, лейкопластырьмен) оқшауланбаған жұмыскерлердің клиенттермен жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: